Түркістанда туристік маусым ашылды: Ұлттық дәстүр, рекордтық көже және жергілікті өнімдер
Бүгін Түркістандағы Керуен Сарай кешенінде туристік маусымның ашылуына арналған ауқымды шара басталды. Іс-шара аясында түрлі ресми ашылу рәсімдері, концерттік бағдарламалар мен қызықты шоулар ұйымдастырылды. Көпшілікті ерекше қызықтырған сәттердің бірі – 2,5 тонна Наурыз көже пісіру арқылы рекорд жаңарту болды.
Керуен Сарайға жиналған халықтың қарасы қалың. Туристік маусымның ашылуын асыға күткен жұртшылық ұлттық дәстүрлерге, мәдени іс-шараларға және жергілікті кәсіпкерлердің өнімдеріне куә болды.
Шара аясында «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистері мен жергілікті кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынып, арнайы көрме ұйымдастырды. Жоба қатысушылары табиғи бал, шырындар, джемдер, киізден жасалған бұйымдар және басқа да ұлттық өнімдерді саудаға шығарды.
Бұл шара Түркістанның туристік әлеуетін арттырып, қонақтар мен қала тұрғындары үшін есте қаларлық мерекелік көңіл-күй сыйлады, - деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: