«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада «WorldSkills Astana-2025» өңірлік чемпионаты өтті

2025 жылғы 21 Мамыр
- Астана қаласы
478 просмотров

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Еңбекші кәсіптер жылы аясында елордада «WorldSkills Astana-2025» өңірлік чемпионатының «Кәсіпкерлік» құзыреттілігі бойынша кезеңі сәтті өтті. Байқауға қала колледждерінен іріктелген 10 үздік команда қатысып, жоғары дайындық деңгейін, креативті ойлауды және бизнесті жүргізудің заманауи тәсілдерін көрсетті.

«WorldSkills» кәсіпқой шеберлік чемпионатының басты мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, кәсіби білім беруді дамыту және талантты жастарды қолдау. «Кәсіпкерлік» құзыреттілігі студенттерге өз ісін ашу мен дамыту, бизнес-жоспар құру және жобаларды тиімді іске асыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Чемпионат барысында қатысушылар терең пысықталған инновациялық бизнес-идеяларын ұсынды. Әрбір жоба нарықтық талдау, қаржылық жоспарлау, маркетингтік стратегия және даму тетіктерін қамтыды. Бұл байқау кәсіпкерлік ойлау қабілетін, командада жұмыс істеуді және презентация жасау шеберлігін көрсету үшін маңызды алаңға айналды. Чемпионаттың өткізілуі биылғы жылы – жастардың жұмысшы және кәсіпкерлік құзыреттерін дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырған кезеңде – айрықша өзекті.

Чемпионаттың тәуелсіз сарапшылары құрамына Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері енді. Олар ұсынылған жобаларға кәсіби әрі объективті баға беріп, білім беру жүйесі мен бизнес-қауымдастық арасындағы байланысты нығайтуға және еңбек нарығы талаптарын өзектендіруге ықпал етті.

Чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Үздік командалар «WorldSkills Kazakhstan-2025» республикалық кезеңінде Астананың намысын қорғап, еліміздің ең мықты жас кәсіпкерлері атағына таласуға мүмкіндік алады. Ұйымдастырушылар «Кәсіпкерлік» құзыреттілігіне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтіп, мұндай шаралар Қазақстан экономикасын дамытуға үлес қоса алатын жаңа буын бизнес-көшбасшыларын тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер