«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында «Қазақстанның үздік тауары 2025» байқауына өтінім қабылдау басталды

2025 жылғы 21 Мамыр
- Ақмола облысы
500 просмотров

Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына қатысу үшін өтінім қабылдаудың басталғаны туралы хабарлады.

Еске салсақ, «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы отандық өнімнің сапасын арттыру және Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толтыру үшін жеке және заңды тұлғалардың қызметін жандандыру мақсатында жыл сайын өткізіледі.
Байқау мынадай үш номинация бойынша өткізіледі:

1) «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
2) «Халыққа арналған үздік тауарлар»;
3) «Үздік азық-түлік тауарлары».

Айта кетейік, осы жылдың 4 маусымында сағат 10:00-де Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында байқауға қатысу шарттарын түсіндіру бойынша семинар өтеді.

«Қазіргі кезле кәсіпкерлер өтінім бере бастады. Сәуір айында ӨКП сарапшылары «Алтын сапа», «Қазақстанның үздік тауары», «Бір ауыл — бір өнім» байқауларына қатысу шарттарын түсіндіру мақсатында облыс өңірлеріне шығуға бастамашы болды», - дейді Өңірлік палата директоры Ерқанат Мұсылманбек.

Өтінім беру мерзімі 2025 жылғы 19 маусымға дейін далғасады. Өтінім  https://altynsapa.kz, сайтында электрон форматта қабылданады, сондай-ақ мына мекенжай бойынша жіберуге болады: Көкшетау қаласы Абай көшесі 96, «Гринвич» БО, 804-каб. тел. +7 70705209085, Анар Саниева.

Семинарға қатысу үшін тіркеу мына сілтеме бойынша жүзеге асырылады: https://docs.google.com/spreadsheets/d/1PatUu88Z0ddcBxIkahYXWgF7K2RcoWWGhZ0iDhxim7I/edit?gid=0#gid=0.

Толығырақ ақпаратты  https://altynsapa.kz ресми сайтынан және байқаудың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер