«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

​Ұлытау облысында үздік бизнес-жобаға арналған облыстық байқау өтті

2025 жылғы 04 Қараша
- Ұлытау облысы
120 просмотров

 

 

Ұлытау облысында жұмысшы мамандықтар жылы аясында колледж студенттері арасында үздік бизнес-жобаға арналған облыстық байқау өтті. 

Іс-шараның мақсаты – жастардың кәсіпкерлік ой-өрісін дамыту және өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсуіне ықпал ететін инновациялық идеяларды қолдау.Қазылар алқасының құрамына білім басқармасының өкілдері, Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары, сондай-ақ білім мен бизнес саласының мамандары кірді.Байқауға облыс бойынша жұмысшы мамандықтар даярлайтын колледж студенттері қатыстыҚатысушылар қазіргі бизнестің ең өзекті бағыттарын қамтитын авторлық жобаларын ұсынды. Олардың ішінде стартаптар, жасыл энергетика мен экология, қалдықтарды қайта өңдеу, ІT саласын дамыту, сұлулық индустриясы қызметтерін көрсету, ауыл шаруашылығы мен жаңа өндірістер құру сияқты бағыттар бар. Сонымен қатар бірқатар жобалар халықтық фольклор мен мәдени дәстүрлерді сақтау идеясына ерекше мән берді.Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы қатысушылардың жоғары деңгейдегі дайындықтарын және ұсынылған идеялардың бірегейлігін атап өтті. Барлығы 16 жобаның ішінен 10 үздік жоба іріктеліп алынды. Олардың авторлары Ұлытау облысының атынан Астанада өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шараларға жастардың қатысуы олардың көшбасшылық қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.– Біздің студенттер тек білімін ғана емес, сонымен қатар өңірдің дамуына өз үлесін қосуға деген нақты ниеттерін көрсетіп отыр», – деді Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Жаухар Тұрсынова.Бұл байқау Ұлытаудың талантты да мақсатты жастары өңір мен елдің дамуына жаңа мүмкіндіктер жасауда екенін айқын көрсетті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174